Қазақстан бұқашықтарды елден әкетуге салынған тыйымды тағы алты айға ұзартты
Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен бұқашықтарды Қазақстаннан әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", – делінген құжатта.
Бұйрық 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстанда бұқашықтарды елден әкетуге тыйым 2025 жылғы шілдеде енгізіліп, сол жылғы 30 қазанға дейін қолданылды. Кейін тыйым мерзімі 2025 жылғы 5 қарашадан 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды. 2026 жылғы 30 сәуірден бастап тыйым тағы алты айға енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript