Қазақстанда қыста тыныс алу неге қиындайды - Экологтар төрт себебін атады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 16:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қыста үй жылыту үшін көмір мен басқа да отын түрлері көбірек жағылады. Ал желсіз күндері түтін мен көліктен бөлінетін газдар ауада ұзақ сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 10 қарашада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары "Экофакт" айдарында қыста ауаның неліктен тез ластанатынын түсіндірді.

Мамандар қыста ауа сапасының нашарлауына әсер ететін төрт негізгі факторды атады.

  • Жылыту маусымы. Жылу электр орталықтарында, қазандықтарда және жеке үйлерде көмір мен басқа да отын бұрынғыдан көбірек жағылады.
  • Көлік шығарындылары. Суықта автокөліктің қозғалтқышын іске қосқанда ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері артады.
  • Температуралық инверсия. Жерге жақын суық ауа қабатының үстінде жылы ауа жатқанда, түтін мен басқа да ластаушы заттар жоғары көтерілмей, жер бетіне жақын шоғырланады.
  • Желдің әлсіздігі. Жел баяу соққанда ауадағы ластаушы заттар да баяу сейіледі.

Министрлік ауаның ластануын азайту үшін мына бағыттарға басымдық беру қажет екенін атап өтті.

  • Жылумен жабдықтау. Қоршаған ортаға зияны аз отын түрлеріне көшу, елді мекендерді газдандыру және жылу жүйелерін жаңғырту.
  • Өнеркәсіп. Кәсіпорындарда заманауи технологияларды енгізіп, газ тазартатын жабдықтардың тиімділігін арттыру арқылы ауаға тарайтын шығарындыларды азайту.
  • Көлік. Қоғамдық көлік паркін жаңарту, электр автобустарын қолданысқа енгізу және электр көлігіне қажетті инфрақұрылымды дамыту.
  • Ауа сапасын бақылау. Ауаның сапасын жүйелі түрде бақылап, оны ластайтын көздерге қойылатын қадағалауды күшейту.
  • Көгалдандыру. Қалаларда жасыл аймақтар құру, ағаш отырғызу және орманды саябақтарды дамыту.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК-ның маусымдық консультативтік болжамын жариялаған едік. Болжам бойынша, 2026–2027 жылғы қыс Қазақстанда салыстырмалы түрде жылы өтеді. Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болғанымен, күн күрт суытып не жылынып, қысқа тән емес ауа райы құбылыстары байқалуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: