Қазақстанның екі облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады: 16 қарашаға арналған жол болжамы

Қазақстанның екі облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады: 16 қарашаға арналған жол болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 11:46 Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 16 қарашаға арналған жол болжамын жариялады. Жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жолда сақ болу ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, дүйсенбі күні еліміздің екі өңірінде қар және қар аралас жаңбыр жауады:

  • Алматы облысында;
  • Ақтөбе облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, жол беті тайғақ болуы мүмкін", – делінген ескертуде.

Осыған байланысты жүргізушілерге:

  • ауа райын ескеруге;
  • қауіпсіз арақашықтықты сақтауға;
  • жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдауға;
  • күрт маневр жасамауға кеңес берілді.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 16 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астана мен Алматыда, сондай-ақ Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: