Тоқаев шетелдік университеттердің филиалдары ашылатын өңірлер қалай таңдалатынын айтты
Фото: akorda.kz
Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашатын жерді таңдағанда әр облыста қандай салалар дамығаны және қандай мамандар қажет екені ескеріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ірі қалаларымызда атом саласына, жасанды интеллект пен креативті индустрия бағыттарына келешек мамандар даярлау жолға қойылуда. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі сапалы білім басқа өңірлерге де қолжетімді болуы керек деп санаймыз", – деді Мемлекет басшысы.
Президент М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің серіктестігін мысалға келтірді. Екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығы аясында заманауи оқу-зертхана корпусы мен жатақхана салынды. Биыл бірлескен оқу бағдарламасының алғашқы түлектері екі университеттің де дипломын алды.
Қазақстанда Кардифф университетінің филиалы да жұмысын бастады. Бұл – британиялық университеттің шетелдегі алғашқы кампусы. Сонымен қатар Ковентри университеті, Мәскеу инженерлік физика институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті мен Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті секілді оқу орындарына арналған кампустар салынып, кеңейтіліп жатыр.
"Бір сөзбен айтқанда, құрметті қонақтар, әрине, сіздердің көмектеріңізбен халықаралық академиялық серіктестіктің мықты базасын құрдық. Ол үшін барша әріптестерімізге және достарымызға ризашылығымызды білдіреміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript