Қасым-Жомарт Тоқаев: "Егін шаруашылығындағы өнімділікті арттыру маңызды"

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:10 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егін шаруашылығындағы өнімділікті арттырып, отандық тыңайтқыш өндірісін дамыту қажеттігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, елдің азық-түлік қауіпсіздігі егін шаруашылығына тікелей байланысты. Сондықтан мол өнім жинап, әр гектарға шаққандағы өзіндік құнды төмендету маңызды.

Оған қол жеткізу үшін егістіктің ұтымды құрылымын қалыптастыру, сапалы тұқым пайдалану, тыңайтқыштардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, ғылыми негізделген егіншілік әдістерін енгізу және суды үнемдеу қажет.

Мемлекет басшысы 2023 жылдан бері бидайға тәуелділікті азайтып, табыстылығы жоғары дақылдардың үлесін арттыру бағытында жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, топырақ пен климат жағдайын, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын ескере отырып, егістікті әртараптандыруды жалғастыру керек.

Сонымен қатар биыл минералды тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажетті мөлшердің 65 пайызына жеткен. Бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 20 пайыз болған.

Президент отандық тыңайтқыш өндірісін дамытудың да маңызын атап өтті. Қазір Қазақстанда пайдаланылатын тыңайтқыштардың жартысына жуығы шетелден жеткізіледі.

"Жағдайды бұлай қалдыруға болмайды. Бұл жөнінде талай айттық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәліметінше, қазір Түркістан облысында фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын зауыт салынып жатыр. Ал Маңғыстау облысында еліміздегі алғашқы аммиак-карбамид кешенінің құрылысын салу жоспарланған.

Президент Үкімет осындай жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: