Жаңалықтар тізбегі
0

"Полицияға шағымданғаннан пайда жоқ...". Қайрат Нұртастың әйелі Испанияда жүр

Жұлдыз Әбдукәрімова, Қайрат Нұртастың әйелі, Испания, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 21:08 Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова балаларымен бірге Испанияның Барселона қаласында демалып жүр. Ол бұл сапарды жарты жыл бұрын жоспарлағандарын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Испания елі, Барселона провинциясы, Жерорта теңізінің жағалауындамыз. Бұл сапарды өздеріңіз білетіндей жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ұлдардың қалауы еді. Сапарға бірнеше ай дайындалдық. Ел-жер аралаудан бөлек, танымдық бағдарламалары мықты. Мәселен біз жексенбі күні келдік. Бұл елде демалыс күнін әр адам өз отбасымен өткізеді екен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек, дүкендер, сауда үйлері, базарлар, тамақ ішетін орындар бәрі-бәрі жабық. Ал келген туристтерге бағдарлама өте көп. Біз бір тәулікке bus ticket сатып алдық та, күні бойы қаланы араладық. Яғни сіздің алған билетіңіз қаладағы барлық бағыттағы автобусқа өтімді. Кез-келген аялдамадан түсіп қалып, емін-еркін аралай бересіз", деп жазыпты ол Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, мұнда заң өз азаматтарын әбден қорғайды екен.

"Бір ғана мысал: егер сіз, яғни, турист, бір затыңызды жоғалтып алсаңыз, оны жергілікті "ұры" ұрлап әкетсе, полицияға шағымданғаннан пайда жоқ. Өйткені заң бойынша Сіз немқұрайлығыңыз үшін кінәлісіз. Себебі ұрлап кеткен азамат осы елдің тұрғыны болса, жауапқа тартылмайды. Мұның қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін өзіңіз ойланыңыз. Ал өзім аң-таңмын. Сақтықта қорлық жоқ", деп қорытыпты Жұлдыз өз жазбасын.

Айта кетсек, Жұлдыз Әбдукәрімованың күйеуі - әнші Қайрат Нұртас жақында сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: