Димаш Құдайбергеннің анасы әншінің жанкүйерлеріне жүгінді

Димаш Құдайбергеннің анасы әншінің жанкүйерлеріне жүгінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 13:46 Сурет: Instagram/sveta_aitbaeva73
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген 2025 жылдың 24 мамырында 31 жасқа толды. Танымал әншіні күні бүгінге дейін атаулы мерекесімен құттықтап жатқандар бар. Бұл ретте, Димаштың анасы Светлана Айтбаева оны әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтап жатқан жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Айтбаева ұлымен түскен суретін жариялап, оның жанкүйерлеріне үндеу жасады.

"Ақ Дикомды құттықтап жатқан баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін! Сіздердің ақ тілектеріңіздің, баталарыңыздың арқасында қайда жүрсе де аман жүреді деп сенемін!",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол #dears, деп аталатын жанкүйерлер тобына ерекеше алғыс айтты.

"Біздің елге деген құрметтеріңіз үшін , біздің отбасымызға деген ілтипаттарыңыз үшін , біздің Димашымызға деген махаббаттарыңыз үшін мың алғыс!". Светлана Айтбаева

Бұған дейін Тұзды батпақта өнер көрсеткен үнді бишісінің көпшіліктің көзайымына айналғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: