Жаңалықтар тізбегі
0

Кісі өліміне әкеліп соқтырған сарымсақ дауына қатысты сот үкімі шықты

Сарымсақ дауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 16:49 Сурет: pixabay
2021 жылы бау-бақша тұрғындарының бірі күзетшілерге алты бас сарымсағының ұрланғанына шағымданады. Оның көрші учаскесінің иесіне күдік келтіріледі. Мәселені шешу барысында күзетшілер ұрлық жасады деп күдік келтірілген адамды өлтіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайдың мамандандырылған ауданаралық соты 35 жастағы ер адамды денсаулыққа ауыр зиян келтіру, оның өлімге әкеліп соғу фактісі бойынша айыпты деп таныды, деп хабарлайды Tobolinfo.

Оған орташа қауіпсіздік колониясында сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сотталушы 1 млн 377 мың 316 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот оның өкініп, кінәсін толық мойындауын жазаны жеңілдететін жағдайлар түрінде ескерді.

Екінші сотталушы сот шешімімен аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды және оған көлік құралын жүргізуге өмір бойына тыйым салынды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейтін болады. Бұл оның бұрын сотты болғанымен байланысты.

Үкім шығарылғанға дейін ер адам жәбірленушілерге моральдық залалды ерікті негізде өтеген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2021 жылы 2 қыркүйекте жаздық бау-бақша тұрғындарының бірі күзетшілерге алты бас сарымсағының ұрланғанына шағымданды. Оның көрші учаскесінің иесіне күдік келтірілді. Мәселені шешу барысында күзетшілер ұрлық жасады деп күдік келтірілген адамды өлтіріп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: