Астанада бес қабатты үйдегі өртке байланысты 125 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Сурет: Астана қаласы ТЖД
Астанада 21 ақпанда бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 ақпанда сағат 12:26-да өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесіне шықты.
"Екінші қабаттағы пәтерде 25 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде 26 адам құтқару маскасы мен баспалдақтың көмегімен аман қалды. Оның ішінде 13 бала мен 125 адам эвакуацияланды". Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Алты адам ауруханаға жатқызылды, оның үшеуі бала.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
2022 жылғы 27 желтоқсанда түнде Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің пәтерінде өрт шығып, соның салдарынан құтқарушылар 32 адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript