Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да киіктер таскенеден қырылып жатыр

Киіктер вирустан қырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 17:35 Сурет: wikimedia
Шаруалардың болжауынша, биыл киіктердің саны кемі 2,5 миллионға жетеді.

Кененің тым көбейіп кетуінен киіктер ғана емес, ірі қара да өле бастаған. Ал жылда киіктердің қаптауынан онсыз да жапа шегіп келе жатқан шаруалар биыл таскенеден құтылудың жолын таппай отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігінің тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы, Жәнібек, Казталовка, Жаңақала сынды аудандардағы киік саны биыл тағы екі есеге көбейген. Ақбөкенмен мал өрісте бірге жайылып жүр. Киіктерде биыл таскене қаптап кеткен. Ол енді жылқы мен сиырға жұғып, шаруаларды әуре-сарсаңға түсіріп жатыр.

«Киік көбейгелі, таскене де қаптады. Қадалған жерінен қан сорып, жарылғанша түспейді. Міне, киіктің пайдасы. Босқа өліп жатыр. Былтыр ресми санақ бойынша төлдегенге дейін біз жақтағы киіктің саны 820 мың еді. Төлдеген соң олар кемі екі есеге көбейді. Әдетте маңына жолатпайтын даланың ақбөкені жүруден қалып, өліп жатыр. Таскенеден біз де әбден зардап шегіп, қиналып келеміз», - дейді Исатай Сейсенғалиев.

Оның айтуынша, жайылымдағы мыңғырған малға жабысқан таскене ауылға да қаптаған. Шаруалар онсыз да көктемнен көтерем болып әрең шыққан мал қансорғыш таскенені көтере алмай жатқанын айтады. Кейбір шаруалар өрісте жүруден қалған ірі қараны қорада қамап ұстауға мәжбүр. Өйткені, далада бірге жайылып жүрген киіктегі таскене малға тез жұғады.

«Кенеден тазартудың жолы – малды күпкіге салу. Мен күпкіге тоғытатын арнайы орын салып алдым. Жылқы мен сиырды дәріленген суға түсіреміз. Бірнеше мың малды дәрілеу ауыр әрі оның шығыны да аз емес. Міне, киіктер осылай таскенеден өліп жатыр. Малға да зияны тиіп, шаруалар қиналып жатыр. Қазір мен өрістегі жылқыларды күпкіге салып жатырмын. Мемлекет әлі күнге киіктің мәселесін шеше алмай келеді. Оның зиянын батыстағы шаруалар тартып отыр. Жақсыбай ауылы, Казталовка аудандарының шаруалары таскенеден қиындық көріп келеді», - деді қожалықтың иесі.

Жуырда киік төлдеп, құралайын өргізеді. Шаруалардың болжауынша, биыл олардың саны кемі 2,5 миллионға жетеді. Төлдейтін кезде ақбөкен ауыл маңында апталап өреді. Адамдар ақбөкенмен бірге тас кене де ауылға қаптап кете ме деп алаңдар отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: