Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы түтіннен ыстанған сегіз адам дәрігерлер көмегіне жүгінген

Астана, өрт, түтін, ыс, Қосшы, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 14:19 Сурет: Zakon.kz
19 маусымнан бері елордадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай баратын айналма жол арасында қураған шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Кеше қаланы қалың түтін басты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Zakon.kz тілшісіне хабарлауынша, сегіз адамға ыс тиген, оның ішінде екі бала бар.

Басқарманың мәліметінше,19 маусым күнгі түтіннен кейін бас айналу және жүрек айну шағымдары бойынша алты ересек адам мен екі бала тіркелген. 

"Көмекке жүгінген науқастарда бас айналу, жүрек айну белгілері болды. Оларға амбулаториялық деңгейде уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қазір 14 жасар бала ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты".Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана, өрт, түтін, ыс, Қосшы, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 14:19

Сурет: Zakon.kz


Астанадағы өрт екінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті 20 маусым күні өртті сөндіруге Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Астана, өрт, түтін, ыс, Қосшы, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 14:19

Сурет: Zakon.kz

Төтеншеліктер 19 маусым күні кешкі 21-09-да өрт оқшауланғанын, өрттің жалпы ауданы 80 гектар болғанын, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: