Судандағы босқындар лагерінде жағдай ушықты
Сурет: pixabay
Судандағы босқындар лагерінде қызылша өршіді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, аурудан 1200-ден астам бүлдіршін көз жұмған.
Ашаршылық та жағдайды қиындата түсті. Көмек көрсетілмесе, тағы да мыңдаған баланың, оның ішінде жаңадан туған нәрестелердің өміріне қауіп төніп тұр, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұдан өзге тырысқақ, денге безгегі де белең ала бастаған. Елдегі ауруханалардың 70-80 пайызы жұмыс істемей тұр. Дәрі-дәрмек тапшы.
Медициналық қызметкерлер де жетіспейді.
Дағдарысқа Судан армиясы мен оған қарсы топ арасындағы қарулы қақтығыс себеп.
Жарты жылға созылған текетірестің әзірге аяқталар түрі жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript