Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура: Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Бишімбаев ісі, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 14:53 Сурет: ortcom.kz
2023 жылғы 30 қарашада Мәжіліс кулуарында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы нақты қандай күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жандос Өміралиев бұл істің мән-жайын айтпайтынын, себебі тергеуде құпия бар екенін айтты.

"Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның туысы да қылмыстың осы түрін жасырғаны және қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сол күні ол қасында болған және полицияға ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабарламаған. Оның үстіне бұл қылмысты жасыруға көмектескен", – дейді бас прокурордың орынбасары.

Прокуратура өкілі қылмыстық іс аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша тергеу органдары қосымша ақпарат беретінін айтты.

"Жауапкершілік жағынан – қылмыстық жауапкершілік. Бұл ауыр қылмыс – ерекше қатыгездікпен адам өлтіру – онда бас бостандығынан айыру санкциясы бар. Бишімбаевтың ісі Бас прокурордың ерекше бақылауында. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын ескере отырып, мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ете алмаймын, бірақ бұл іс апта сайын Бас прокурордың тікелей бақылауымен талқыланады деп айта аламын",  – деді Жандос Өмірәлиев.

2023 жылғы 9 қараша күні БАҚ-тарда экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін  өлтірді деп күдікке ілінгені жөнінде ақпарат тарады. 

2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бишімбаев ісі бойынша Ішкі істер министрлігіне арнайы тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: