Құлсарыдағы су айдау жұмыстары кезінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды

Құлсарыдағы су айдау жұмыстары кезінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 10:21 Сурет: Атырау облысы ТЖД
ҚР ТЖМ 29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, азаматтық қорғау сержанты су айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады.ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді",- делінген ҚР ТЖМ хабарламасында. 

2024 жылдың 15 мамырында Атырау облысында аурудың асқынуынан құтқарушы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: