Астанадағы қиылыстардың бірі ішінара үш күнге жабылады

Астанадағы қиылыстардың бірі ішінара үш күнге жабылады , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 11:15 Сурет: pixabay
Астанадағы жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қала қиылыстарының бірі үш күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

"Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс бір жағымен қамтамасыз етілетін болады",- деп мәлімдеді Астана әкімдігі.

Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін 18 маусым сағат 21:00-ден 19 маусым сағат 21: 00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылындағы Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаске жабылатынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: