Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында қолында баласы бар әйелді көлік қағып кетті

Жол апаты, Қостанай, екі жасар бала, әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 09:24 Сурет: ng.kz
23 жастағы Changan көлігінің жүргізушісі Темірбаев көшесімен келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысына жақын маңда қолында екі жасар баласы бар әйелді қағып кетті. Зардап шеккендер қалалық және облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 28 маусымда кешке болды, деп жазады ng.kz. Қазір жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.

Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Барлық клиникалық тексерулер, бейінді мамандардың консультациялары жүргізілді, тағайындалған ем шаралары толық көлемде жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу шараларын қолға алды.

Айта кетсек, 28 маусымда Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында жаппай жол апаты орын алды. Бес көлік зардап шекті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: