Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтардың қайтыс болғаннан кейінге донорлық туралы көзқарасы қандай

Обязательное социальное медицинское страхование, ОСМС, врач, врачи, медицина, система здравоохранения , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 10:13 Фото: Zakon.kz
2023 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан органдарды трансплантациялау бойынша 200-ден астам операция жүргізілді. Бұл ретте көптеген қазақстандықтар мұндай операцияларға әлі де сенбейді. Алматы тұрғындары әлеуметтік сауалнама барысында осы мәселе бойынша өз ойларын айтты.

ZTB NEWS тілшілері көше бойында осы мәселе бойынша отандастарымыздың пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізді.

Бірінші сұхбат алушы бұл сұраққа оң жауап берді:

"Егер мен өлсем, иә. Менің ойымша, өзім өмір сүре алмасам да басқаға өмір сайлау – адамның басты міндеті", – деді ол.

Келесі қатысушы бұл сұраққа неғұрлым егжей-тегжейлі жауап берді.

"Шын мәнінде, донорлық туралы өтінішті egov.kz арқылы толтыруға болатынын білдім. Біздің отандық балалар осы мәселе төңірегінде деректі фильм түсіріп, маңыздылығын аша білді. Көптеген адамдар бұл нәрседен қорқады, түсінбейді, дегенмен қазақстандықтар мұның мәніне көз жүгіртсе, келісер еді", – деді алматылық.

Донорлыққа қарсы адамдарда аз болмай шықты.

"Мен түбегейлі қарсымын. Себебі, бұл біздің шариғатымызда дұрыс деп саналмаған. Қандай жағдай болсын, ойымды өзгертпеймін",- деді келесі бір сауалнамаға қатысушы.

Бұған дейін 24 шілдеге қараған түні ЖКО салдарынан қаза тапқан Шымкенттік 18 жастағы жігіт жүрек доноры болғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: