Пара алғаннан кейін 11 жыл бойы жасырынған: Шымкентте шетелдік азамат ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.
Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған.
Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды.
Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript