Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларды құтқарды

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 09:35 Сурет: pexels
27 қарашаға қараған түні Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтте екі бала қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақыру орнына келген құтқарушылар "Фомка" әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды.

Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады.

Бұған дейін СҚО-да полицейлер жалға берілген пәтерден мас күйдегі жасөспірімдерді анықтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: