Қостанай облысында ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыны тапты

Бүгін, 2025 жылы 17 ақпанда Қарасу ауданында Қойбағар көлінде іздестіру тобы балық аулауға шыққаннан кейін жоғалған 67 жастағы ер адамды тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда ол жеке автокөлігімен балық аулау үшін көлге шығып, байланысқа шықпады. Алаңдаған туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.
"Мамандар іздестіру шараларын ұйымдастырып, оның барысында ер адам табылды. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады", делінген хабарламада.
Бұған дейін жолаушылар Ақтөбеден Астанаға ұша алмай отырғанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript