Қостанай облысында 100-ге жуық адам қар құрсауында қалып кеткен

Қар құрсауы, Қостанай облысы, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 09:38 Сурет: pixabay
23 ақпанда түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде "Әулиекөл-Жалдама" тас жолының жабық учаскесінде ТЖМ күштерімен 98 адам, оның ішінде 18 бала құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан сегіз жеңіл көлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарылды. 

"Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде "Сарыкөл-Комсомольское" тас жолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне екі жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Эвакуация, Қостанай облысы, қар құрсауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 09:38

Сурет: ҚР ТЖМ

Бұған дейін еліміздің алты өңірінде кейбір жол учаскелері ішінара жабылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: