Астанада үш қабатты үй отқа оранды: өртке жоғары дәреже берілді

Форма пожарного, пожарный, пожарные, пожарная служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2025 09:39 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 10 наурызында таңнан бері елордалық ТЖМ қызметкерлері Байқоңыр ауданында өртеніп жатқан үш қабатты ғимаратты сөндіруде. Өртке жоғары дәреже берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департаменттің баспасөз қызметі өртті сөндіру үшін үш жауынгерлік аймақ құрылғанын түсіндірді. Сағат 09:08-де өртті оқшаулау туралы хабарланды:

ТЖМ күштері өртті оқшаулады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіруге 19 бірлік техника және жеке құрамнан 90 адам жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

2025 жылдың 5 наурызында Астанада өртте үш адамның қазасына қатысты үкім шықты. Өртенген үйдің бөлмелерін жалға берген иесі кінәлі деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: