Астанада 10-нан астам эпизодқа қатысы бар алаяқ ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 13:08 Фото: Zakon.kz
Бүгінге дейін Нұра аудандық ПБ-ға 10-нан астам астаналық хабарласқанымен, зардап шеккендер көп болуы мүмкін.

30 жастағы ер адам байланыстарының бар екенін айтып, елордадағы спорт залдарының біріне бір жылға арзан бағада абонемент алып беремін деп алдаған.

Жәбірленушілер 150 мың теңгеге дейін қаражат берген. Уәдеге сенімсіздік танытқан қала тұрғыны полицияға хабарласып, бейтаныс ер адамға алданғанын түсініп, көмек сұраған.

Жедел-іздестіру барысында күдікті азамат құрықталып, кінәсін мойындады. Дәл осындай іске қатысты оннан астам эпизоды бар екені белгілі болды.

Оған қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да бар екені анықталды.

Полицейлер азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: