Қазақстан полициясының иттері есірткі сақтау қоймалары мен ірі көлемдегі заңсыз заттарды анықтайды

ІІМ қызметтік иттері есірткі орамдарынан бастап ірі партияларға дейін анықтайды , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 09:48 Сурет: pixabay
ІІМ кинологиялық бөліністерінің қызметкерлері "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында елдің барлық аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жүргізуге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізушісі күдік туғызған автокөлік тоқтатылды.

Виола лақап атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, көлік құралын тексеру барысында салмағы 30 грамнан асатын мефедрон есірткі заты табылды.

Ұсталған адам есірткі жасырушысы болып шықты. Тағы бір оқиға республикалық маңызы бар Алматы – Астана автожолында орын алды.

Онда полиция қызметкерлері тексеру үшін көлік құралын тоқтатты.

Тексеру барысында Тея қызметтік итінің көмегімен жалпы салмағы 11 килограмнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің кинологиялық қызмет басқармасының бастығы Алмас Күнтуов.

Қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыс нәтижелері айтарлықтай. 2025 жылдың екі айында ғана олардың көмегімен 100-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, 600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді.

ІІМ-нің кинологиялық бөліністері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: