Қарағандыда отқа оранған тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті

2025 жылғы 30 мамырда кешке Қарағандыда жапсарлас орналасқан екі тұрғын үй қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, Кисловодская көшесінде тұрғын үй шатырының ағаш конструкциялары өртеніп, опырылып түскен, жалпы ауданы 150 шаршы метр пәтердегі үй заттары жанған.
"Үйдегі өрттің салдарынан 15 шаршы метр аумақты қамтитын шатырдың бір бөлігі құлады. Сондай-ақ, өртті сөндіру кезінде құтқарушылар көрші үйден 27 литрлік газ баллонды сыртқа алып шығып үлгерді", - деді ТЖД-дағылар.
Өрт бір сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандар үйінділерді аршуда.
Бұған дейін Атырау облысы, Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде 30 мамырда кешке газды автоцистернадан стационарлық резервуарға айдау кезінде қатты жарылыс болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript