Тоқаев қазақстандық боксшыларды құттықтады

Тоқаев қазақстандық боксшыларды құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2025 18:53 Сурет: olympic.kz
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде иеленуімен құттықтады.

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

Еске салайық, бүгін, 14 қыркүйекте Ливерпульде бокстан әлем чемпионатының финалдық кезесулері өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) мен Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: