Қасым-Жомарт Тоқаев екі елшіні тағайындады

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 14:32 Фото: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 11 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мадияр Меңілбеков Бахрейн Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшісі, ал Жан Ғалиевті Конгодағы елші етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тиісті жарлықтарын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: