"Нарынқол" шекара заставасында әскери қызметші мен баласы қаза тапты

Өрт, Алматы облысы, Нарынқол, шекара заставасы, әскери қызметші, баласы, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 14:53 Сурет: pixabay
2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды:

"Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді".

Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқаны да нақтыланады.

Бұған дейін, 3 желтоқсанда Алматыда дүкен мен тұрмыстық ғимарат өртенп, бес адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: