Атырауда жоғалып кеткен бір отбасы мүшелері: апалы-інілі екі адамды іздеу тоқтатылды

ТЖМ, Атырау, жоғалған бір отбасы, Наурыз, Мирамгүл, апалы-інілі, іздеу, тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2026 12:19 Сурет: ҚР ТЖМ
Атырау облысы, Жангелдин ауылында жоғалған бір отбасы мүшелері - Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып, "Ақжайық" өңірлік басылымы жазады. Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елдімекен аумағы толықтай тексерілген.

"Полиция белгілеген барлық учаскелер толық тексерілді. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", деп мәлімдеді ТЖД-дан.

Еске сала кетейік, бір отбасының мүшелерін іздеу былтырғы 25 желтоқсанда туыстарының құқық қорғау органдары көмегіне жүгінгеннен кейін басталған. Тергеу барысында сарайдан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылды. Алайда олардың балалары — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сонымен қатар қаза тапқандардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев аталған іс бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ оның жұбайы, қаза болған ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаян да із-түзсіз кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: