Шығыс Қазақстанда ер адамға қызына қатысты ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 14:56 Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласының тұрғыны көмек сұрап видеоүндеу жариялады. Оның айтуынша, небәрі 2 жас 8 айлық қызына туған әкесі тарапынан зорлық көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел тергеудің әділ әрі объективті жүргізілуін сұрады. Сондай-ақ ол оқиғадан кейін бүлдіршіннің үш айдан бері дұрыс ұйықтай алмай жүргенін айтты.

Zakon.kz тілшісі бұл жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір сұрады.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Өскемен қаласының полиция басқармасы Шығыс Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Оралда полиция қызметкеріне жергілікті тұрғынды зорлады деген айып тағылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: