Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккен құқық бұзушылар анықталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 13:25 Фото: Zakon.kz
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда кальян шегу деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда кальян және темекі өнімдерін тұтынуға байланысты 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Рейдтік іс-шаралардың бірінде полиция қызметкерлері қаладағы бір мекемеден заң бұзушылықты анықтады: келуші жабық ғимарат ішінде кальян шеккен, бұл заң талаптарына қайшы келеді.

Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі бойынша тыйым салынған жерде темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске саламыз, Қазақстан аумағында кальян шегуге мейрамханаларда, барларда, клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда тыйым салынған. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, ал мекеме иелерін белгіленген нормалардың орындалуын қадағалауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: