Алматыда тау басындағы лашықта қалып кеткен турист аман-есен табылды

Құтқару, Алматы, тау, лашық, турист, Қызылсай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 09:20 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы тауларында Погребецкий шыңына шыққан үш жас азаматтың бірі төменге түсу кезінде өзін жайсыз сезінген. Сондықтан қасындағы жолдастарының оны сол араға қалдыруына тура келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ұялы байланыс ұстамайтын аумақ - "Қызыл Сай" лашығында қалып қойған.

"Оның қасындағы екі серігі Үлкен Алматы көлі маңындағы демалыс орнына дейін жетіп, болған оқиға туралы құтқарушыларға хабарлаған. Көмек көрсету үшін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар туристі 3500 метрден астам биіктіктен "Алма-Арасан" экобекетіне дейін эвакуациялады", делінген хабарламада.

Төмен түскеннен кейін ер адамның жағдайы жақсарып, медициналық көмек қажет болмаған. Одан әрі туристер үйлеріне өздігінен қайтқан. 

Бұған дейін Павлодар облысында полицейлер бірнеше күн құдықта қалып кеткен итті құтқарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: