Пхукетте қазақстандық әйел бірнеше жол апатын жасады: екі адам зардап шекті

Тайландтың ең танымал курорттарының бірі – Пхукет аралында Қазақстан азаматшасы қатысқан жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 12:54 Сурет: pexels
Тайландтың ең танымал курорттарының бірі – Пхукет аралында Қазақстан азаматшасы қатысқан жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 30 жастағы әйел MG маркалы автокөлікпен бірнеше сағат бойы арал жолдарында бейберекет қозғалып, өзге көліктермен соқтығысқан. Ол полициядан қашуға тырысқан.

Оқиға барысында оның көлігі микроавтобус пен мотоциклге соғылып, салдарынан екі адам жарақат алған.

Полицейлер күдіктіні ұстау үшін көліктің әйнегін сындыруға мәжбүр болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйел бұған дейін де осындай оқиғаларға қатысқан болуы мүмкін және ауыр эмоционалдық күйде болған деген болжам бар.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны білетінін растады.

"Консулдық мекеме қабылдаушы елдің құзырлы органдарымен байланыста болып, қажетті консулдық көмекті көрсетіп отыр. Оқиғаның мән-жайы Таиландтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталуда, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Таиландта қазақстандық хип-хоп орындаушысы Дархан Жұмабекке қатысты оқиға болып, ол жоғалып кеткеннен кейін ауруханадан табылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: