Қорғаныс министрінің орынбасары Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрінің орынбасары Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 12:37 Сурет: Instagram/erbayan2024
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Сенат кулуарында мерзімді әскери қызмет сарбазы Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесіне сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Ал тәртіптік шараларды Ұлттық ұлан басшылығы қабылдайды. Бұл оқиға бойынша тексеру жүргізу Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады", – деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі бұл іс бойынша жеке тексеру жүргізіп жатқан жоқ.

"Сонымен қатар тексеруді Ішкі істер министрлігімен бірге әскери прокуратура және өзге де уәкілетті органдар жүргізіп жатыр. Әскери қызметші ем қабылдап жатқан алғашқы кезеңнен бастап біз қажетті көмекті көрсеттік. Кейін де отбасымен байланыста болдық. Осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігі тарапынан мүмкін болған барлық қолдау көрсетілді. Менің білуімше, Ұлттық ұлан басшылығы жерлеу рәсіміне қатысады", – деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтардың қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ербаян Мұхтар 2023 жылғы 4 желтоқсанда жарақат алған. Ресми ақпарат бойынша, ол дәретханада құлап, басын кафельге соғып алған. Сол кезде сарбаз Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы бөлімшелерінің бірінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген.

Оқиғаға байланысты тергеу басталғанымен, күдіктілер анықталмаған.

Жарақаттан кейін Ербаян Мұхтар еңбекке жарамсыз болып қалып, мүгедектік алған. Оған бірнеше ота жасалып, кейін ем алу үшін Түркияға жіберілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: