Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:06 Сурет: akorda.kz
Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 8 шілдеде қол қойды.

"Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалсын, бұрын атқарған қызметінен босатылсын", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ресми ақпаратта.

Қанатбек Жайсанбаев 1980 жылғы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітіріп, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында оқытушы болып бастаған.

2001 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінде бас маман болып жұмыс істеді.

2001 жылғы желтоқсанда Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, ал 2003 жылы осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.

2005–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2007–2008 жылдары "Kazakh Integrated Services" ЖШС-де және Астана қаласындағы "CNRG Capital" ЖШС өкілдігінде заңгер болып еңбек етті.

2008–2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, кейін аппарат басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді.

2021 жылғы сәуірде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: