Алматыда метро ішінде төбелескен екі жігіт 86 мың теңгеден айыппұл арқалады
Фото: pexels
Алматы метрополитенінде екі жігіт арасында төбелес орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Әрекет бірден полицияның назарын аударды.
Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, пойызда басталып, метрополитендегі станциялардың бірінің платформасында жалғасқан төбелеске қатысты құқықтық шаралар қабылданды. Жанжалға қатысқан екі азамат ұсталып, жиналған материалдар сотқа жолданды.
"Сот шешімімен құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін үш жол апатын мас күйінде жасаған Данияр Елеусіновке сот қатаң жаза тағайындағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript