Ақтөбе облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, аудан орталығында қатты екпінді желден байланыс мұнарасы жеке орналасқан бірқабатты дүкеннің шатырына құлап, үш адам зардап шекті. Олардың барлығына аудандық ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілді.
"Жағдай – облыс әкімінің жеке бақылауында. Оның тапсырмасымен комиссия құрылып, шұғыл түрде ауылға жеттік. Ең бастысы – адамдар дін аман. Зардап шеккен тұрғындарға заңға сәйкес, қажетті қолдау көрсетіледі, ешбірі көмексіз қалмайды. Біз табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына тез арада кірісуіміз керек", – деді облыс әкімінің орынбасары.
Одан кейін Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында қалыптасқан жағдай жан-жақты талқыланып, зардап шеккен нысандардың тізімін жасақтау, келтірілген шығынды бағалау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапты мекемелердің іс-қимылын үйлестіру мәселелері қаралды.
Бүгінде барлық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

