Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 11:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
20 шілдеде Алматыда, ал Атырауда түнгі уақытта қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз болуы, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының әсерінен атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін құбылыс.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Ал тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: