Астана мен Шымкентте полиция рейдтері өтті: кімдер тексеріліп, қандай нәтиже тіркелді
Фото: pexels
Астана, Шымкент қалалары мен Абай облысында екі күн бойы полицияның нысаналы жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 17 тамызда рейдтердің мақсаты мен нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, іс-шаралар жасөспірімдер тарапынан және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
"Ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта жүрген балаларды анықтауға баса назар аударылды. Бұл оларға қатысты құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында қолға алынды. Балаларының түнгі уақытта қайда жүргенін бақыламаған 480-нен астам ата-ана жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Рейдтің тағы бір маңызды мақсаты – кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату деректеріне жол бермеу. Мұндай заң бұзушылықтар үшін 28 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.
"Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Полиция өз міндетін атқарады, алайда ата-аналардың рөлі де аса маңызды. Олар баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын, немен айналысатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білуге тиіс. Полиция балалардың құқықтарын қорғау мақсатында нысаналы тексеру іс-шараларын тұрақты түрде жалғастырып, барлық қажетті шараны қабылдайды", – деп мәлімдеді ІІМ.
Басқа жедел-профилактикалық іс-шара аясында тәртіп сақшылары қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтады. Нәтижесінде 1300 адамға көмек көрсетілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript