Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 24 тамызда Ақорданың Telegram арнасында хабарланды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тіледі", – делінген хабарламада.
2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді. Қазақстан Президенті қалыптасқан аса күрделі ахуалда қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript