Шахтинск тұрғыны газ баллонын жарып жіберемін деп үй тұрғындарын қорқытты

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 08:28 Фото: unsplash
2 қыркүйекте полицияға Шахтинск қаласындағы Карл Маркс көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Мән-жайды анықтау барысында пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқыта бастаған.

Қауіпсіздік мақсатында кіреберістен 35 адам эвакуацияланып, ықтимал зардаптардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін ер адам пәтердің есігін ашты. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі байқалмады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Тексеру аяқталғанға дейін ол уақытша ұстау камерасына қамалды.

Бұған дейін 83 жастағы қазақстандықтың өз пәтеріне баса-көктеп кірген тонаушыға тойтарыс бергені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: