"Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер": қазақстандық танысына 10 млн теңге беріп, екі жыл күткен

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 12:32 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының тұрғыны баспана сатып алуға көмектесемін деген танысына 10 млн теңге берген. Алайда екі жыл өткен соң полицияға жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Ақмола облысында орын алған.

"Шамамен екі жыл бұрын жергілікті тұрғын өзінің танысының сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама аясында тиімді шарттармен баспана сатып алуға мүмкіндігі бар екенін айтқан. Пәтерді рәсімдеу және қажетті мәселелерді шешу үшін жәбірленуші оған 10 млн теңге берген", – деп хабарлады өңір полициясы 2026 жылғы 7 қыркүйекте.

Алайда күдікті уәдесін орындамаған және ақшаны қайтармаған. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға арызданған.


"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да деректерге қатысы бар-жоғы тексерілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасау және мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана рәсімдеу кезінде қырағы болу қажеттігін ескертті. Баспана алуға "кепілдік беретін", кезекті жылжытуды, құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді немесе таныстары арқылы мәселені шешуді уәде еткен адамдарға қомақты қаражат бермеу керек.

Бұған дейін Астанада жоқ жиһазды сатумен айналысқан алаяқтардың әрекетінен 19 адам зардап шеккені хабарланған еді. Келтірілген залал 24,6 млн теңгеден асқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: