"Мені іздемеңдер": 9 жастағы қазақстандық бала ата-анасына қоштасу хатын қалдырып, жоғалып кеткен

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 12:36 Фото: pexels
Абай облысының Мақаншы ауданында 9 жастағы оқушы ата-анасын қорқытып, қауіпті "әзілмен" қалжыңдаған. Бала қоштасу туралы хат қалдырып, ауладағы шаруашылық құрылысына тығылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 9 қыркүйекте өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, төртінші сынып оқушысы сағат 13:00 шамасында сабаққа кеткен. Алайда сабақтан кейін үйіне оралмаған.

Анасы ұлын өз бетімен іздей бастаған. Сағат 20:30 шамасында әйел үйінің жанынан қорқынышты жазба тауып алған.

Онда:

"Анашым, әкешім, мені іздемеңіздер, бір күні қайтып келемін", – деп жазылған.

Алаңдаған туыстары бірден полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бірнеше топқа бөлініп, аулалар мен оған жақын аумақтарды тексеруге кіріскен.

"10 минуттан кейін бала өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан шықты. Анықталғандай, ол сабақтан кейін үйіне келіп, сол жерге тығылып, ұйықтап қалған. Баланы полиция көліктерінің сиренасы оятқан", – деп хабарлады ведомство.

Тоңып әрі қорқып қалған оқушы бірден анасына қарай жүгірген. Ол ата-анасына жай ғана әзіл жасағысы келгенін мойындады.

Абай облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларымен қауіпсіздік ережелері туралы үнемі сөйлесуге және мұндай "әзілдердің" қандай ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруге шақырды.

Бұған дейін Алматы маңындағы тауда адасып кеткен турист әйелді құтқарушылар түні бойы іздегені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: