Астанада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 15:30 Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Полицияға қала тұрғынынан Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында белгісіз тұлғалардың автокөлікте музыканы қатты қосып, шулағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылық фактісін анықтады. Тексеру барысында көлік иесі 34 жастағы азамат екені белгілі болды.

Аталған азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 45 мыңға жуық тыныштықты бұзу фактісі анықталған.

Полиция азаматтарды түнгі уақытта тыныштық сақтауға, айналасындағылардың демалуына кедергі келтірмеуге және қоғамдық тәртіп талаптарын құрметтеуге шақырады. Тыныштықты сақтау – ортақ жауапкершілік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: