Президент Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
Сурет: akorda.kz
Президент Ғизат Нұрдәулетовке ел игілігі жолындағы жемісті әрі адал қызметі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 11 қыркүйекте президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті. Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.
2026 жылғы 31 тамызда Президент Ғизат Нұрдәулетовті 2023 жылдан бері атқарып келген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript