Түркістандағы тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
Фото: Zakon.kz
Түркістанда 9-ықшам аудандағы 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт ғимараттың сыртқы қаптамасынан басталып, 8-11-қабаттар аралығындағы аумақты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері келді. Құтқарушылар бір мезетте өртті сөндіру және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Үйден баспалдақ арқылы 63 адам, оның ішінде 12 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Қазіргі таңда өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр.
ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырады.
Бұған дейін Қазақстанның бес өңірінде орман өрті болып жатқаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript