Жұмыссыз қазақстандық өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жанжалды шешпек болған
Фото: Zakon.kz
Шымкентте 25 жастағы қыз жалған лауазым иемденіп, бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жанжал кезінде телефон арқылы өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған белгісіз әйелдің видеосы тарағанын мәлімдеді.
Тексеру барысында оның Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды.
"Оның ішкі істер органдарына ешқандай қатысы жоқ және қазіргі уақытта еш жерде жұмыс істемейді", – деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде қоғамдық орында мас күйде жүргені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Арнаулы атақ пен лауазымды заңсыз иемденгені, сондай-ақ өзін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырғаны үшін Қазақстан заңнамасында жауапкершілік көзделген", – деп еске салды ведомство өкілдері.
Бұған дейін Алматы полициясы бопсалаушыдан зардап шеккендерді іздеп жатқаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript