Қазақстандық жүкті әйелін үш ай бойы ұрып-соғып, қылғындырып, азаптаған
Фото: unsplash
Жүкті әйелін үш ай бойы азаптағаны үшін сотталған қазақстандық жазасын жеңілдету мақсатында жоғары сот сатысына жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кассациялық соттың мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 2024 жылғы тамыз бен қазан аралығында жүкті әйеліне жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен.
"Ол жәбірленушіге бірнеше рет физикалық және психологиялық зорлық көрсеткен: басынан, бетінен, иығынан және ішінен ұрып, қылғындырған, мойнына шаңсорғыштың сымын байлаған. Сондай-ақ оны үй-жайда күштеп ұстап, қорқытып, медициналық көмекке жүгінуіне кедергі келтірген", – делінген хабарламада.
Осы әрекеттері үшін бірінші сатыдағы сот ер адамды төрт жылға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Іс Кассациялық сотта да қаралып, сотталған адамның кінәсі толық дәлелденді деп танылды.
"Жәбірленушінің айтқандары оқиғаны көрген куәгерлердің жауаптарымен, бейнежазбамен, сондай-ақ дене жарақаттары мен жүктілік фактісін тіркеген медициналық құжаттар және сот сараптамаларының қорытындыларымен сәйкес келеді. Жазаны жеңілдетуге құқықтық негіз жоқ. Тағайындалған жаза әділ әрі қылмыстың ауырлық дәрежесіне сай келеді. Осыған байланысты сот алқасының қаулысы мен үкім өзгеріссіз қалдырылды", – делінген сот хабарламасында.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық танысына пышақ жарақатын салғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімге байланысты жоғары сот сатысына жүгінген еді. Ол бұл әрекетке өзін-өзі қорғау мақсатында барғанын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript