Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне жеделхат жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 16:56 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысы Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығының арқасында Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті кезінде көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің басшысына ризашылығын білдірді.

Президент Нарендра Модимен өткен екіжақты кездесудің нәтижелі болғанына тоқталып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас үнді халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: