Алматы көшелерінде жүрген иесіз есек тұрғындарды алаңдатты

Алматы көшелерінде жүрген иесіз есек тұрғындарды алаңдатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 16:56 Сурет: Threads/sviatlana_vishneuskaya
Алматы тұрғындары 29–30 қыркүйекте қала көшелерінде иесіз жүрген есекті көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар жануардың видеоларын Threads әлеуметтік желісінде жариялап жатыр.

Мәселен, sviatlana_vishneuskaya есімді қолданушы 30 қыркүйекте былай деп жазды:

"Кеше сағат 22:00-ден түнгі 01:30-ға дейін Төле би көшесіндегі №31 үйдің маңында мына сүйкімді есек қараусыз жүрді. Қандай да бір ақпаратыңыз болса, иесін табуға көмектесіңіздер".

Ол видеода есек жолға шығып, апатты жағдай туғызуы мүмкін деп қауіптеніп, полиция шақырғандарын айтты. Алайда оның сөзінше, полиция келмеген.

Ақырында жануар жолға шыққан. 30 қыркүйек күні таңертең оның Назарбаев даңғылымен жүгіріп жүрген видеосы жарияланды.

Есекті Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы маңындағы жолда да байқаған.

"Ол Медеу ауданында, Достық пен Жамбыл көшелерінің маңында, №35 мектептің жанында, Зенков көшесінде жүгіріп жүрді", – деп жазды пікір қалдырғандар.

Кейін есектің Достық көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына кіріп кеткені туралы ақпарат тарады.

Пікірлерде қала тұрғындары жануардың қауіпсіздігіне алаңдап, иесінің оны тезірек тауып алуын тілеп жатыр.

2026 жылдың көктемінде Алматы облысындағы "зебралардың" видеосы Қазнетте кең тараған еді. Кейін жұрттың назарын аудару үшін есектерді осылай бояғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: